Қазақстандық жүзгіш Азия чемпионатында «алтын» алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 сәуір күні Кувейтте ашық суда жүзуден Азия чемпионаты басталды. Жарыстардың алғашқы күні Қазақстан қоржынына бір алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.