Наурыздың оралуы немесе үш анықтамаға байланған өлең
Наурыздың оралуы немесе үш анықтамаға байланған өлең
1988-жыл мен үшін рухани жеңіс жьлы. Республикамыздың жаңа басшысы Г.В.Колбинмен және бір топ өз ұлтымыздың нигилистерімен өткен мылтықсыз шайқаста асығым алшысынан түсті. Қазақстанда 1926-жылдан бастап наурыз мерекесін ресми түрде тойлауға тыйым салынғаны, сонда да бұл мейрамды жыл сайын көне көз қарттары бар үйлер өзінше атап өтіп келгені белгілі. «Наурыз — ислам дінінің қалдығы» деген сыңаржақ пікірді малданып көлденең тұрмақ болғандар жеңілді. Наурызды мемлекеттік деңгейде тойлау туралы менің ұсыныс-хатымды Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюро мүшелерінен тек екі адам — Н.Назарбаев пен Ө.Жәнібеков қана қолдады. Г.В.Колбинмен болған екі дүркін ұзақ әңгімеден соң Наурыз мерекесін сол 1988- жылы (22-наурыздан кешігіп қалғандықтан) 22-сәуірден бастап...