ТЖ-лар немесе жағымпаздықтың ұжымдық өрісі
Жер жер боп жаралғалы жағымпаздық та Адам а та — Хауа ана ұрпағының, яғни оның ішкі есебінің жасырын құралы ретінде ғұмыр кешіп келді. Өткен ғасырда Сталинге көзсіз табыну, Хрущев төңірегінде шетсіз-шексіз қолпаштаулар қоғам мінезін елеулі өзгеріске ұшыратты. Ал Брежнев дәуірінде жағымпаздық ұжымдық сипаттың жаңа белесіне көтерілді. Мәселен, Киевте Украина КСР-іне «Халықтар достығы» орденін тапсыру салтанатында Л.И.Брежневтің сөйлеген сөзіне 35 рет қол шапалақталған екен. 1974-жылы 15-наурызда КОКП Орталық комитеті Бас хатшысының Қазақстанға келіп тың және тыңайған жерлерді игерудің 20 жылдығына арналған мәжілісте сөз сөйлейтіні белгілі болды. Сол тұстағы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің идеология хатшысы С.Имашев осы мәселені жолға қоюға икемді қызметкерлерді...