Түркістандағы бұзылатын нысандардың иелеріне 399 миллион теңге төленді
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістанда 168 нысанды бұзу жоспарланған. Олардың қатарында 154 тұрғын үй мен 14 коммерциялық нысан бар. Бүгінгі таңда 96 үй иесі өз баспаналарын босатуға келісіп, 35 тұрғынға 399 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді. Бұл туралы Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысыда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.