Бірқатар өңірлерде кәмелетке толмаған балалар арасында қылмыс көрсеткіші артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен өңірлерді қосу арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.