Мәскеуде жарылыс қаупіне байланысты мыңнан астам адам эвакуацияланды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - РФ Мәскеу және Мәскеу облысында жарылыс қаупі туралы түскен хабарламаға байланысты сауда орталықтары мен жоғары оқу орындары ғимараттарынан 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ТАСС құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.