Есірткі жарнамаланған 5 мыңға жуық интернет-ресурс бұғатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Астана қалалық білім басқармасы «Азат адамдар» қоғамдық қорымен бірлесіп синтетикалық есірткілер және нашақорлық проблемалары жөнінде елордалық мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.