Қазақ агротехникалық университеті Еуропалық Одақтың грантын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті Еуропалық Одақтың нақты ауыл шаруашылығы бойынша оқу бағдарламаларын жаңғырту жөніндегі грантын жеңіп алды. Бұл туралы университет ректоры Ақылбек Күрішбаев өзінің Фейсбук парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.