Түркістан облысында заңсыз салынған 67 нысан бұзылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылы 2700-ге тарта құрылыс нысандары тексеруден өтті. Олардың қатарында бюджеттік, әлеуметтік, жеке тұрғын үй және кәсіпкерлік нысандар бар. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысының орынбасары Мұхит Тұрысбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.