Шымкентте қоршаған ортаны ластаған 18 қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қоршаған ортаны ластағаны үшін 18 қоғамдық көліктің жүргізушісі жауапқа тартылды. Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көліктердегі кемшіліктер апаттылықтың алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.