Еліміздің футбол маусымы 3 наурызда басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің футбол маусымы 3 наурыз күнгі Қазақстан суперкубогы ойынымен басталады. Бұл Астана қаласында өткен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиынында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.