Хангелді Сырымбетұлы
Хангелді Сырымбетұлы (1688 — 1763) — жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Көнекөз қариялардың, батырдың қазіргі ұрпақтарының айтуына қарағанда, оның аты Хангелді емес, Қангелді көрінеді. Бала анадан шыр етіп жерге түскенде, қан шеңгелдеп туғандықтан, оған халық дәстүрі бойынша «Қан келді» деп ат қойды.