Біріккен Араб Әмірлігінде құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады
![Біріккен Араб Әмірлігінде құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады](https://cdn-st1.rtr-vesti.ru/p/xw_1618857.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінің солтүстігіндегі Рас-эль-Хайма эмиратында құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды WAM ақпараттық агенттігі. Экипаж мүшелерінің барлығы ажал құшқан, бірақ бортта қанша адам болғаны айтылмай отыр.