Ауа райы: Жексенбі қар жауады, жел күшейіп бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 желтоқсанда жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ болады, тұман түседі, бұрқасын соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.