"Құдай баламды қараусыз қалдырмайды"
![](https://gdb.rferl.org/17591F0A-508D-4407-97DD-3058BD6D53F9_cx0_cy3_cw0_w800_h450.jpg)
12 жастағы Асланда аутизм синдромы бары екі жарым жасынан бастап байқалған. Жоспарлы АКДС екпесі егілген соң бала сөйлеуді қойып, себепсіз ашуланатын болған. Анасы Рәзия Ахметова баласының аутизмге шалдығу себебін әлі күнге дейін түсіне алмай келеді: екпе әсер етті ме әлде әу бастан аутизмге бейім болып туды ма?