Ғарифолла Құрманғалиев
Ғарифолла Құрманғалиев — ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. «Бүгінгінің Мұхиты» атанған, ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит мұрасын жеткізген де Ғарифолла Құрманғалиев болатын. Халықтың сүйіп тыңдайтын теңдесі жоқ екпінді дауысты әншісі болды.