Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,3% артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 2018 жылдың қаңтар-қарашасында 9630,1 млрд теңгені құрап, былтырғыдан 18,3% артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.