Синоптиктер 14 желтоқсан күні ауа райы қандай болатынын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн ашық болуы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.