Қазақстандықтар Дубайдағы робот техникасы бойынша жарыста жүлдегер атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылылық «STEAM RoboClub» командасына робот техникасынан «RoboCup Азиялық- Тынық мұхит аймағы» («RoboCup Asia-Pacific») бойынша өткен халықаралық бәсекеге қатысудың сәті түсті. Олар «RoboCup Junior OnStage» дәрежесінде үшінші орын иеленді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.