Елімізге сырттан келетін балалар ойыншықтарының көлемі азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сырттан келетін балалар ойыншықтарының сапасыз және қауіптілігінің анықталуына байланысты, оны жеткізу көлемі азайтылды. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.