11 желтоқсанда кей өңірлерде жел күшейіп, бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 желтоқсанда оңтүстіктен жылжыған циклонның әсерінен елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде жауын-шашын болады, ал қалған аумағында күн ашық. Қазгидометтің хабарлауынша, республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.