Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады. Көшбасшылар күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы мен ТМД аясындағы алдағы кездесулер жөнінде пікір алмасты.
Сообщение Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.