Толғақтың бұзылуы
Толғақтың жатыр бұлшық еттерінің жоғарыдан, яғни жатыр түбінен басталып, төмен қарай бірқалыпты жиырылуының нәтижесінде болатын құбылыс екенін білеміз. Ал кейбір жағдайларда белгілі бір себептердің салдарынан толғақ әлсіреп немесе толғақ болғанымен де оның нәтижесіз кездері болады, бұл құбылысты толғақтың бұзылуы дейміз.