Нұрлан Нығматулин шетел парламенттерінің өкілдерімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, бейбітшілік және қауіпсіздік орталығы» халықаралық парламенттік конференциясы аясында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин шетелдік парламенттердің вице-спикерлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.