Тромбофлебит
Күре қан тамырының жан-жағы, қабырғалары қабынып, қан жүру жолдары бітеліп қалады. Оны тромбофлебит ауруы деп атайды. Тромбо - ұйыған қан түйіршіктері. Тромбофлебит ауруына көбіне жиырма жастан асқан әйелдер шалдығады. Тромбофлебит ауруына денедегі көптеген күре қан тамырлары ішінен аяқтағы күре тамырлар жиі шалдығады.