Актер Есім Сегізбаев өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Т.Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, актер Есім Сегізбаев өмірден озды. Мұндай қаралы хабарды ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы Фейсбуктегі парашасы арқылы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.