Қазақстан Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы БҰҰ ҚК-нің қарарын қолдады
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Эритрея еліне қарсы санкцияларды жою туралы қарарды қолдады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Сомали мен Эритреяға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.