Түркістанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазылған мюзиклдің премьерасы өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазылған «Махаббат мұнарасы» мюзиклінің премьерасы өтті. Туынды облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық Опера және балет театрының ұйымдастыруымен алғаш рет қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.