Британдық дипломаттар қазақ тілін үйренеді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі мыңдаған дипломатиялық қызметкерді жалдауды жоспарлап отыр. Бұл, Лондонның Еуроодақтан шыққаннан кейінгі әлем елдерімен қарым-қатынасты кеңейту ниетімен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі The Guardian британдық газетіне сілтеме жасап.