Әрбір күріш сорты жанды организм секілді - қызылордалық ғалым
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық Александр Николаевич Подольскихті көпшілік Қазақстандағы танымал ғалым-селекционер ретінде таниды. Ауыл шаруашылық ғылымдардың докторы А.Н. Подольских қазір Қызылорда қаласындағы күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтында қызмет атқарады. Білікті ғалым «Қазақстанның 100 жаңа есімі» алғашқы жобасының жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.