Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер
Егеменді еліміз халқының денсаулығы ол Ұлттың негізін сақтаушы қазына — байлық десек қателеспеген болар едік. Ал ауытқыған денсаулықты емдеу де, тікелей дәрі–дәрмектің тигізер әсері байырғы кезден-ақ жалпыға мәлім. Дәрілердің жасалу табиғаты екі түрлі. Алғашқысы, яғни ерте кезден бері адам қоғамымен бірге жасалып келе жатқан жолы, табиғи өсімдіктердің әр түрлі шипалы әсеріне негізделген.