Сарыжылан
Сарыжылан (Ophisaurus apodus) — қабыршақтылар отрядына жататын сарыбауыр кесіртке. Оңтүстік-батыс Еуропада, Орта және Оңтүстік-батыс Азияда, ал Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кездеседі. Денесінің ұзындығы 1,2 м-дей, салмағы 550 г-дай. Сыртқы түрі жылан тәрізді, аяғы болмайды (тек еркектерінде артқы аяғының жұрнағы сақталған). Басы ірі, біркелкі қалқанмен жабылған.