Инвестициялық резиденттіктің бағдарламасы шетелдіктерге азаматтық бермейді – АХҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдіктер 150 мың долларға Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алатыны жайлы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. БАҚ пен әлеуметтік желіні шарлап кеткен сыбысқа қатысты «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әйтенов осылай жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.