Бейтаныс статья
Егіз қыз Виктория мен Инесса Черкасовалардың әкесі Борис Черкасов Алматы облыстық тұтынушылар одағы базасының заң бөлімінің бастығы, ал шешесі Валентина Черкасова екі қыздың әкесінен тіпті де кем түспейді,— Алматы қаласындағы № 2 заң консультациясының адвокаты. Көріп отырсыздар, екеуі де заңды білетін адамдар және заңды білуден осы уақытқа дейін қорлық көрген'жоқ, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Сондықтан да ерлі-зайыпты екеуі биыл екі қызы орта мектепті бітірген кезде бір ауыздан екі қыз да өзіміздің ізімізбен кетсін, екеуі де заң факультетіне түссін десті. Несі бар, болмасын деген оңбасын!