Аралардың барлығы бал жинай бермейді - омарташы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында тұратын омарташы Павел Немцов аралардың барлығы бал жинай бермейтінін айтады. Аралар тіршілігіне зер салсаңыз, олардың кәсібіне қарай түрлі болатынын көреміз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.