Астанада «Нұрлы жермен» берілетін пәтерлерге құжаттар қабылдау басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрғандардан құжаттар қабылдайтынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.