«7-20-25»: Алматы облысында алғашқы жарнасының жартысы субсидияланады
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында бюджет қызметкерлері үшін «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасының жартысы субсидияланады. Демек, әлеуметтік сала қызметкері аталған бағдарлама арқылы үй алу үшін алғашқы жарна 2 млн теңге төлеуі тиіс болса, оның бір миллион теңгесін әкімдік төлеп береді. Халықты баспанамен қамтуға бағытталған мұндай іске 2 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.