Тәж Махалдың тарихы (немесе ғашықтық туындысы)
Үндістанға Исламды Әмір Темірдің немересі алып барғанын білмейтін жан жоқ шығар. Ол сол жерде үлкен өркениет, алып мемлекет құрды. Әмір Темірдің немересі Бабыр Кабулдан шығып, Үндістанға қарай бет алады. Бабыр аласапыран соғыста аздаған күшпен қарсыласын тізе бүкітіріп, осында орналасып, адамзатқа теңдесі жоқ туындыларымен танылған алып империя құрды. Бабыр империясы патшаларының әркім біле бермейтін ерекшелігі бар — әйелдеріне деген теңдессіз махаббат.