Нұрлан Нығматулин Түркияның Ұлттық Жиналысының төрағасымен кездесті
![Нұрлан Нығматулин Түркияның Ұлттық Жиналысының төрағасымен кездесті](http://www.inform.kz/fotoarticles/20181008142352.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Бинали Йылдырым Анталиядағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің үшінші жиналысы аясында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі ынталандыру жайын талқылады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.