1916 жыл деректері
«25-маусым жарлығы» елдің төбесінен түскендей болды. Мұны бұрын жергілікті билеу мекемесіндегі өкімет қызметкерлері де білмеді. Өкімет қызметкерлері бұл жарлыққа ресми жағынан қарап, «сөзсіз атқаруға тиіс» деген «үлкен жарлық» есебінде қарады. Жергілікті халықтың жан сырымен санасу, жарлық аяғының қандай халге соғатыны олардың есінде болған жоқ. Жарлық келісімен Алматыда «жандарал» Фольбаум басқаруында өкімет адамдарының тығыз кеңесі болды да (1916 жыл, 1-шілдеде), «сөзсіз атқаруға кірісу керек» делінді.