Жетісудағы қазақ-қырғыздың көтерілісін басуға өкімет тарапынан қылынған қамдар
Жетісуды алғаннан бері орыстың өкімі күшке таянып, әскер, қамшы, абақтымен ел билеп келе жатқандығы айтылып келеді. Қалай да орыс өкіметі Жетісуға орыс келтіріп, оны «сенімсіз көшпеліге» күзетші қылды. Оларға жабдық үлестірілді. Казак-орыстардың еркек кіндігіне мылтық, жабдық үлестіріліп және туысымен жер кесіліп берілетін.