«Жастар жылы» - біз үшін үлкен мәртебе - Данияр Сүндетбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейінгі Елбасының қай жолдауын алсақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескеріп, жастарға ерекше көңіл бөліп келген. Жастар мәселесі тағы да ескерусіз қалмады. Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, келер 2019 жыл - «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз үшін бұл - үлкен мәртебе, дейді «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев.