Синоптиктердің 30 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысында ғана кей жерлерде жаңбыр күтіледі. Жекелеген өңірлерде жел, батыста және орталықта тұман мен найзағай болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.