Шымкенттің теміржолшыларында не арнайы киім не қажетті құрал жоқ - прокуратура
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте теміржол саласында еңбек ететін жұмысшылар арнайы киіммен және техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілмеген. Бұл туралы осы саланың жұмысына тексеру жүргізген Шымкент қаласының көлік прокуратурасының өкілдері мәлім етті.