Дүйсенбіде елімізде күн райы ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.