«Sozdik.kz» негізін қалаушы Евгений Чуриков: Бізді мемлекеттік-жекешелік әріптестік қызықтырады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда осыдан 20 жыл бұрын қазақ тілінің электронды нұсқасын әзірлей бастаған бағдарлама жасаушы тұрады. Қазіргі таңда аталмыш сайтқа күніне 50 мың адам кіреді. Оның үстіне «Sozdik.kz» сайтын Қазақстанның сапасы жоғары онлайн-сөздіктерінің қатарына жатқызуға болады. Мыңдаған қазақстандықтардың көмекшісіне айналған «Sozdik.kz» сайтының негізін қалаушы Евгений Чуриков «ҚазАқпарат» тілшісіне идеяның әу баста қалай туғанын, оны жүзеге асыруда жолда кездескен кедергілер мен лингвистикалық онлайн-қызмет экранының артында не тұрғаны туралы айтып берді.