Алматы облысындағы жан түршігерлік көлік апаты: 8 адам мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 8 адам көлік апатынан мерт болды. Жантүршігерлік оқиғадан тек 36 жастағы әйел ғана аман қалған. Зардап шеккен әйел Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының ауруханасына жеткізілген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.