Ақтөбе облысында ірі қараның қырылуына улы арамшөп себеп болған - АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында белгісіз аурудың салдарынан ірі қараның жаппай қырылғаны, ол аурудың әлі де таралатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.