ҚР Президенті Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолды ашуға рұқсат берді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Құрық портындағы көлік хабын таныстыруға арналған шара аясында ұйымдастырылған телекөпір кезінде «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» жолының бірінші кезеңін ашуға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.