Қазақстанда «Диснейлэнд» салынбақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында салынатын «Happy Land» отбасымен көңіл көтеру паркінің құрылысына инвесторларды іздеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл туралы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Алматы қаласы бойынша өкілдігінің директоры Жандос Оразалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.